Жарияланды: 430

Жамбыл облысында жер сілкінді

Кеше сағат 22.13-те Жамбыл облысының аумағында 4,1 балдық қуатпен жер сілкінісі болды. Оның энергетикалық санаты К=9,0. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 420 шақырым жерде орналасты. Жерасты дүмпулері Тараз қаласында MSK-64 бағамы бойынша 2-3 балдық күшпен байқалды. Қаза болғандар мен қирандылар жөнінде ақпараттар түскен жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін