Апат Жамбыл ауданындағы Ассы-Шайдана автожолының 13-шақырымында болды. ГАЗ-53 автокөлігінің жүргізушісі «Муравей» мотороллерімен соқтығысқан. Соның салдарынан мотороллерде отырған 7 және 4 жастағы екі бала оқиға орнында мерт болды. Мотороллердің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті