Жарияланды: 350

Жамбыл облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, алтауы зардап шекті

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 12 қарашада сағат 18.30-да Жамбыл облысының Жамбыл ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 340-шы шақырымында "Хонда" және "Фольксваген" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан 39 жастағы "Фольксваген" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі көлікте отырған екі адам мен 9 және 10 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін