ТЖМ ақпаратына сәйкес, 12 қарашада сағат 18.30-да Жамбыл облысының Жамбыл ауданында Алматы — Ташкент тас жолының 340-шы шақырымында «Хонда» және «Фольксваген» көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан 39 жастағы «Фольксваген» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі көлікте отырған екі адам мен 9 және 10 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті