Жарияланды: 390

Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам мерт болып, 14 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті

Астана. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында жол апатынан 6 адам мерт болып, 14 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы-Ташкент автожолының 426-шы шақырымында, Жамбыл облысы аумағында "ВАЗ" көлігі мен Алматы-Тараз бағытында кетіп бара жатқан "Сетра" автобусының соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тауып, 14 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Автобусты 51 жастағы ер адам айдаған, көлікте 35 жолаушы болған. Оқиға кеше, 23-қазанда кешке 22 сағат 30 минутта болған. Апат орнында "Жигули" көлігінің 49 жастағы жүргізушісі мен автобустың үш жолаушысы: 55 және 65 жастағы екі әйел мен 18 жастағы жасөспірім қаза тапты. Жеңіл көліктің 46 жастағы жолаушысы мен автобустың тағы бір жолаушысы - 38 жастағы әйел ауруханада көз жұмды. Бұған қоса, "Сетра" автобусының 13 жолаушысы мен "ВАЗ" көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін