Апаттың салдарынан Volkswagen Touareg автокөлігінің 1990 жылы туған жолаушысы мен Mazda-626 көлігінің жүргізушісі мен оның ішінде болған 4 жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі жарақаттармен Volkswagen Touareg көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамның 4 адамы жұмылдырылды.