Мекеме ақпаратына сәйкес, апат 30-тамызда облыстың Жамбыл ауданында, Ақкөл-Қаратау тас жолының 5-шақырымында болды. «Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның бес жолаушысы жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір жолаушы — 2005-жылы туған бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті