Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Түрлі жарақаттарымен екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.
Өңір полициясы барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және жол ережелерін бұзбауды ескертті.