Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді
Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Мерке - Шу - Бурылбайтал жолының 211-ші шақырымында 28 қазанда сағат 15.30-да "Ауди" көлігінің 36 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды.
Апат салдарынан әйел оқиға орнында қаза тауып, 57 жастағы жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін