Апат 18-сәуірге қараған түні Қордай ауылында болған. «Ауди-100» автокөлігі «Опельмен» соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан «Ауди-100» автокөлігінің екі жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болса, екі жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.