Жамбыл облысында жол апатынан үш адам мерт болып, екі адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жол апатынан үш адам мерт болып, екі адам жараланды

Жамбыл облысында жол апатынан үш адам мерт болып, екі адам жараланды

Жамбыл облысының Жуалы ауданында жол апатынан үш адам мерт болып, екі адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Ақпан 2004
  • 388
Фото - Caravan.kz

Жол апаты Алматы-Ташкент тас жолының 573-ші шақырымында шыққан. «ВАЗ-2109» автокөлігі «Москвич-412» автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан үш жолаушы, соның ішінде 3 және 11 жастағы екі бала оқиға орнында тіл тартпай кетті. 27 жастағы тағы бір әйел мен 3 жасар қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар