Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, өрт сөндірушілер арнайы техника «Трэкол» көлігімен оқиға орнына жетті. Онда фура жүргізушісі өте қиын жағдайда болған.
«Ұзақ уақыт бойы суықта тұрғандықтан көліктің отыны қатып қалған және ер адам бес күн бойы жолда қалған», – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Оқиға орнына келген құтқарушылар жүргізушіге қажетті көмек көрсетілген. Ер адамның денсаулығын тексеріп, көлікті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізуші құтқарушыларға уақтылы көмек көрсеткені және кәсібилігі үшін үлкен алғысын білдірді. Төтенше жағдайлар деректеріне сәйкес, ер адамның жағдайы қалыпты және көлікті жолға шығарған.