Жуалы ауданында едәуір күрделі ахуал сақталып отыр. Мұнда 52 елді мекеннің сегізімен әлі де көлік қатынасы орнаған жоқ. Бұл маңдағы жолдарды тазарту жұмыстарына төтенше жағдайлар жөніндегі күштер, «Қазақ селден қорғау қызметі» РМК отряды, ҚР қарулы күштерінің Жамбыл облысындағы әскери бөлімшелері мен апат медицинасы орталығының күштері қатысуда. Ал Сарысу ауданында 4 мал отарына жету мүмкін болмай отыр.
Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мәліметіне сәйкес, Жуалы ауданында қардың салмағын көтермей 16 мектеп, 4 аурухана мен клиника, төрт мәдени ошақтың шатыры бүлінді. 145 үйдің шатыры мен 87 мал қорасының төбесі құлады.
Таразда қар салдарынан 23 тұрғын үй, екі білім беру нысаны мен екі денсаулық сақтау мекемесінің шатыры опырылды.