Жамбыл облысындағы орман шаруашылықтары жаңа техникалармен жабдықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысындағы орман шаруашылықтары жаңа техникалармен жабдықталды

Жамбыл облысындағы орман шаруашылықтары жаңа техникалармен жабдықталды

Жамбыл облысындағы орман шаруашылықтары жаңа техникалармен жабдықталды.

  • 15 Маусым 2011
  • 592
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Қ.Бозымбаев орман шаруашылықтары басшыларына жаңа техникалардың кілтін өз қолымен табыстады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыстағы орман қорының жалпы көлемі 4 миллион 435 мың гектар жерді құраса, осынша көлемді орманды қору, күзету, ондағы тал-дарақтарды көбейту, сөйтіп, қоршаған ортаны сақтау жылдың қай мезгілінде де оңай шаруа емес. Бұл тұрғыда ең алдымен табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардың әлі күнге жойылмай отырғандығын да еш жасыруға болмайды. Мысалы, орманды алқаптардың қалыпты жағдайда болуын қамтамасыз етумен облыста 14 орман шаруашылығы мекемесі айналысатын болса, олар биылғы жылдың өткен мерзімінің өзінде табиғат заңнамасының бұзылуына орай 130 хаттама толтырған.

Осы сияқты табиғи немесе адамдардың еренсіздігінен орын алып жататын өрттің орманды алқаптарға тигізер зияны да аз емес. Сондықтан, осы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын жүргізуге ағымдағы жылдың өзінде облыстық бюджеттен 31 миллион теңге бөлініп, аталмыш мекемелерде өртке қарсы пайдаланылатын 18 автомашина мен 23 трактор кезекшілікке қойылды. Ал, жалпы, биыл өрттің алдын алу шараларына барлығы 309 орманшы-қорықшы жұмылдырылып отыр. Бұл бір қарағанда, едәуір күш дегенмен, тілсіз жау — өртке қарсы қанша дайындық пен сақтық шарасы жасалса да артықтық етпейді. Осы орайда, үстіміздегі жылы да Үкімет орман шаруашылығы мекемелерін қажетті техника күшімен қамтамасыз етуге тапсырма берсе, бұл тұрғыда облысымызда да тиісті қаржы көздері қаралып, кезекті техникаларды сатып алуға бюджеттен 62,4 миллион теңге бөлінген болатын.

Енді, міне, кеше облыс орталығында сол қаржыға сатып алынған 14 өрт сөндіргіш тіркемелі цистерна, 7 «МТЗ-80» тракторы, 2 «УАЗ» автомашинасы, 6 көшет отырғызу машинасы және өзге де 14 қосалқы агрегат облыс әкімінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты аудандардағы мекемелеріне берілді. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев техникалардың кілтін тиісті аудандық мекеме басшыларына өз қолымен табыстады. Оларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қырағы бола беру керектігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар