Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарын жою үшін қосымша көмек келіп жетті
Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында Алматы мен Алматы облысынан қосымша көмек келіп жетті. |
ТЖ министрлігінің хабарлауынша, жексенбі күні Алматы қаласы мен Алматы облысынан 218 адам мен 37 дана техника келіп жетті. Еліміздің өзге аймақтары бүлінген желілер мен бағандарды қалпына келтіруге қажетті материалдар жеткізілуде.
Үзілген электр желілері тексеріліп, қалпына келтіру жұмыстарына қажетті материалдар көлемі есептеліп жатыр.
Құтқарушылардың айтуынша, Қаратауда қазандықтың қираған бөлігін тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қала көшелері құлаған ағаштар мен қоқыстан тазартылуда.
«Қазақтелеком» және «Транстелеком» АҚ байланыс желілерін қалпына келтірді. 1050 және 800 кВт-тық автономды генераторлар жеткізілді.
«Қазақстан темір жолы» АҚ жеткізген 5 дизель генератор аудандарға электр қуаьтын жеткізу үшін пайдаланылмақ. Қаратау ауданының ауруханаларындағы сырқаттарды алып шығу үшін 4 плацкарт вагон жөнелтілді. Жамбыл-Қаратау және Қаратау-Жаңатас темір жолы желілерін қалпына келтіру жұмыстары да жүріп жатыр.
Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Жамбыл облысының аудандарына азық-түлік жеткізілді, деп хабарлайды ТЖ салдарын жою жөніндегі штаб өкілдері.
Облыс әкімдігі қаладағы наубайханаларға қосымша 15 мың бөлке нан пісіруге тапсырыс берді. Сонымен қатар, аудандарға картоп, пияз, күріш, өсімдік майы, қант, ет пен балық консервілері сынды 30 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін