Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысып, еңбекақысын ала алмаған Екібастұздық жұмысшылар ереуілге шығамыз деп дөңайбат танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысып, еңбекақысын ала алмаған Екібастұздық жұмысшылар ереуілге шығамыз деп дөңайбат танытуда

Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысып, еңбекақысын ала алмаған Екібастұздық жұмысшылар ереуілге шығамыз деп дөңайбат танытуда

Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен қирап қалған үйлерді қалпына келтіруге атсалысып, еңбекақысын ала алмаған Екібастұздық 36 құрылысшы жалақы берешегі өтелмеген жағдайда ереуілге шығамыз деп дөңайбат танытуда. Бұл туралы олар Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісовқа жолдаған хатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Біз сізден «Жан и К» ЖШС-нен күні бүгінге дейін қолға тигізе алмай отырған негізгі жалақы берешегін өтеп беруді өтінеміз. Егер өз тарапыңыздан қандайбір шара қолданбасаңыз, біз отбасы мүшелерімізбен бірге республика парламентінің жанында ереуілге шығуға мәжбүрміз»,- деп жазған хат иелері.

Екібастұздық құрылысшылар апат аймағында үш жарым айда бірнеше үй тұрғызған. Жамбыл облысындағы қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқаны үшін әрбір құрылысшыға 120 мың теңгеден жалақы төлеу жөнінде уәде беріліпті. Алайда жалақы мүлдем өтелмеген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қараша айының соңында Екібастұздық үш құрылысшы Павлодарға келіп, облыс басшылығына берешекті өтеуге ықпал жасау жөнінде өтініш білдіріпті. Қаржы тапшылығынан олар Павлодар темір жол бекетінің ғимаратында түнеп шығуға мәжбүр болған.
Осыдан бір аптадан кейін, 3-желтоқсанда құрылысшылар мерзімсіз аштық жариялады. Сол күні Павлодар облысы әкімінің тапсырмасымен олар қонақүйге орналастырылып, ыстық тағаммен қамтамасыз етілді. Бір тәуліктен кейін үш құрылысшы да өздеріне тиесілі жалақысын алған. Алайда, қалған құрылысшыларға жалақы берешегін өтеу мәселесі сол күйінде шешілмей қалды деп жазады хат авторлары.
Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Серік Көшімбаевтың хабарлауынша, жұмысшыларға жалақыға төлеуге арналған қаржы облыстық бюджеттен үйлердің құрылысын салушы мердігер ретінде тартылған Екібастұздық «Жан и К» фирмасының есепшотына толық көлемде аударылған . Алайда, фирма директоры құрылысшылармен есеп айырысудың орнына қаржымен бірге ізін жасырып, жерге отырғызып кетті деп хабарлайды С.Көшімбаев. Құрылысшыларға ақшасын қайтару үшін сотқа жүгіну туралы кеңес беріліпті.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен бүгін хабарлағанындай, жуырда облыстық әкімшілікте осы мәселеге арналған кеңес өткізілді. Облыс әкімі Қ.Нұрпейісов құрылысшылардың талабымен танысып, жауапты лауазым иелеріне 10 күн ішінде мәселенің байыбына барып, берешекті өтеу мүмкіндіктерін қарастыру туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар