Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің зардабын жоюға қатысқан бірқатар компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің зардабын жоюға қатысқан бірқатар компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің зардабын жоюға қатысқан бірқатар компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысындағы жер сілкінісінің зардабын жоюға қатысқан бірқатар компанияның үстінен қылмыстық іс қозғалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Тараздан.

  • 24 Наурыз 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

Т.Рысқұлов атындағы ауданның прокуроры Бақыт Әбішевтің баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, прокуратура «Қапшағайауырқұрылыс» АҚ-ның басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады. АҚ басшылығына лауазымдық құқығын асыра пайдалану және жалақы төлеу мерзімін кешеуілду жөнінде айып тағылып отыр. Б.Әбішевтің айтуынша, бұл кәсіпорын зілзала зардабын жоюға қатысқан 100 жұмысшыға, содан бері 4 ай өткеніне қарамастан, жалақысын бермей қойған. Бұл істі аудандық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі тексеріп жатыр.

Бұған қоса, Б.Әбішевтің айтуынша, прокуратура қазір бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша қаржы полициясының ауданаралық бөлімі қозғаған қылмыстық істерді тексеру барысын қадағалап отыр. Атап айтсақ, жұмыс көлемін ұлғайтып көрсету арқылы 100 мың теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырған Шымкенттегі «Сандығаш құрылыс» ЖШС-нің, 159,9 мың теңге жымқырған Тараздық «Ивикон құрылыс» ЖШС-нің, 215 мың теңге жымқырған Талдықорғандағы «ССК Құрылыссервис» ЖШС-нің үстінен ҚР Қылмыстық істер кодексінің 176-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Сондай-ақ, «Жер сілкінісінің зардап шеккен мәдени-әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй нысандарын қалпына келтіру және салу жөніндегі дирекция» МКК-ның техникалық қадағалау жөніндегі инженерлерінің үстінен құрылысы толық аяқталмаған нысандарды қабылдап алғаны үшін үш қылмыстық іс қозғалып тексерілуде.
Прокурордың мәліметтеріне сүйенсек, былтыр аймақтағы қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан Тараздық және Шымкенттік құрылыс компанияларының үстінен екі қылмыстық іс қозғалған болатын. Алғашқысы қылмыстық құрам айқындалмауға байланысты жабылса, екінші қылмыстық іс бойынша жасанды лицензияны пайдаланған компания басшысы шартты жазаға кесілген.

Соңғы жаңалықтар