Жамбыл облысындағы жер сілкінісі қайталана ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 503.42
  • 542.08
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысындағы жер сілкінісі қайталана ма?

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі қайталана ма?

Кеше түнгі сағат 3-тен 46 минут кеткенде Жамбыл облысының кей жерлерінде жер сілкінді. Алдағы уақытта мұндай жағдайлар қайталануы мүмкін бе? Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығынан сұраған едік

  • 28 Наурыз
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде жыл сайын орташа есеппен 9 000-12 000 жер сілкінісі тіркеледі.

Қазақстан аумағының үштен бір бөлігі сейсмикалық қауіпті саналады. Әсіресе Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы жоғары сейсмикалық белсенділікпен ерекшеленеді. Мұнда бірнеше ірі сейсмикалық белсенді аймақтар бар, соның ішінде Қазақстанның Қытаймен және Қырғызстанмен шекарасында. Бұл белсенді аймақтардың көпшілігі елді мекендер аз таулы аймақтарда орналасқан. 1962-2025 жылдар аралығындағы сейсмологиялық деректерге сүйенсек, аталған аймақта сейсмикалық белсенділік қалыпты деңгейде екені байқалады, — деді орталық.

Жамбыл облысында афтершоктар болуы мүмкін.

СБЗҰҒО сейсмикалық стансалары және мамандары Жамбыл облысынының аумағындағы жағдайды жіті бақылап отыр. Әрбір жер сілкінісінен кейін, әдетте афтершоктар болады. Қазіргі уақытта афтершоктардың арасы ұзады, күші төмендеуде. Дегенмен, жер сілкінісін алдын ала болжау (әсіресе, қысқа мерзімді болжау), әлі де толық шешілмеген мәселе, —  деді орталық.

Еске салсақ, өткен түнде сағат 03:46-да Жамбыл облысының кей жерлерінде жер сілкінісі болды.

Әлеуметтік желілерде аталған түнгі жер сілкінісінің видеокадрлары жарияланды.