Жамбыл облысының аграрлық секторын дамытуға 400 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының аграрлық секторын дамытуға 400 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Жамбыл облысының аграрлық секторын дамытуға 400 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

Жыл басынан бері «ҚазАгро» ұлттық холдингінің еншілес компаниялары Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 378,3 млн теңге қаржы салды.

  • 27 Мамыр 2011
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Соның ішінде жамбылдық диқандар «ӨазАгроФинанс» АҚ арқылы 80,3 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Оған қоса, фермерлерге айналыстағы қаржыны толықтыруға 5 млн теңге көлемінде заем берілді», — деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жобалардың бір бөлігін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырды. Атап айтсақ, өңірдегі төрт ауданның несие серіктестіктеріне 66,1 млн теңге көлемінде заем берілді.
«Таяуда терісі жұқа қой шаруашылығын дамыту үшін 10 млн теңге несие берілді. Оған 650 бас терісі жұқа қой сатып алынды. Тағы 3 несие терісі жұқа және қалың тұқымды қой мен жылқы сатып алуға тағы 3 несие бөлінді. Оның жалпы сомасы 43,5 млн теңгені құрап отыр», — деп хабарлайды әкімдік.
Оған қоса, биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 173,4 млн теңгелік 139 несие бөлінді. Соның ішінде 103,9 млн теңге ауыл шаруашылығына шағын несие ретінде бөлінді, 11 млн теңгелік төрт несие көктемгі егіс науқанына берілді.
Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 өтініш қанағаттандырылды, оның жалпы құны 58,4 млн теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар