«Біз құқық қорғау органдарымен келістік, бизнесті тексере беріп мазаларын алмаймыз. Ал егер кімде-кім Жамбыл облысына бес миллион доллар құятын болса , менің ұялы телефоныма тәулігіне 24 сағат бойы қоңырау соға алады», деді Қ.Бозымбаев бейсенбіде Таразда халықаралық TARAZ INVEST-2012 инвестициялық форум барысында.
Бұл форумның мақсаты Жамбыл облысына тікелей инвестиция тарту, аймақтың экономикалық даму келешегін талқылау болып табылады.