Жамбыл облысының әкімі үйсіз жүрген фототілшіге 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының әкімі үйсіз жүрген фототілшіге 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлады

Жамбыл облысының әкімі үйсіз жүрген фототілшіге 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлады

Аймақ басшысы журналистердің әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп, қолдан келгенше көмек қолын созу қажеттігін қадап айтты.

  • 22 Желтоқсан 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жергілікті «Арай» газетінің фототілшісі, журналистика саласында 16 жыл жұмыс жасап келген 4 қыздың әкесі – Алтынбек Қартабайға 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлады, деп хабарлайды Zakon Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, аймақ басшысы журналистердің әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп, қолдан келгенше көмек қолын созу қажеттігін қадап айтты.

Еске сала кетейік, Кәрім Көкірекбаев телеарналар мен басылым беттерінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын жан-жақты көрсетіп, қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қалыптастыруда зор үлес қосқан республикалық, жергілікті БАҚ өкілдерін қабылдап, Тәуелсіздің мерекесі қарсаңында қорытындысы шыққан байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Кездесу барысында сөз сөйлеген облыс әкімі аталған шара жыл сайын дәстүрге айналғандығын тілге тиек етіп, облыста атқарылып жатқан істерге де тоқталып өтті.

— Құрметті журналистер! Қадірменді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Жыл соңында облыс журналистерімен жарқын жүзді, ашық әңгімелесу оң тәжірибесі орнықты. Бүгін, сол дәстүрді жоғалтпай, сіздермен арнайы кездесудің сәті түсіп отыр. Желтоқсан айы айтулы күндерімен ерекше. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күнін атап өттік. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Елімізде бас қаламыздың мерейтойы аясында өтетін шаралар 10 желтоқсаннан бастау алып, аудандарға ақпараттық пойызды аттандырдық. Айтулы ұлық мерекелермен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! – деді Кәрім Көкірекбаев.

Сонымен қатар, соңғы жылдары облыс өмірінің тыныс-тіршілігін көрсету, оны қалың оқырманға жеткізу мақсатында журналистер арасында арнайы конкурс өткізудің жақсы дәстүрі қалыптасқанын да атап өтті.


Айта кетерлігі, бүгінде Жамбыл облысында 55 бұқаралық ақпарат құралдары табысты қызмет атқаруда. Оның ішінде газеттер – 39, журналдар – 11, ақпараттық портал – 3, электронды БАҚ – 2. Мемлекеттік БАҚ — 14, мемлекеттік емес БАҚ – 45.

Соңғы жаңалықтар