Жамбыл облысының билігі Тұңғыш президент күніне орай соғыс ардагерлеріне 20 мың теңгеден береді
Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысы ардагердері Тұңғыш президент күніне орай 20 мың теңгеден материалдық көмек алады. |
«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, үнемделген бюджет қаржысынан 56 млн теігеден астам бір реттік жәрдемақы бөлінген.
Материалдық көмек Ұлы Отан соғысының 2706 ардагері мен оларға теңестірілген тұлғаларға көрсетіледі.
Қазақстанда биылдан бастап 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Заңға былтыр енгізілген толықтыруларға байланысты, бұл күн мемлекеттік мерекеге жатқызылады және демалыс күн болып саналады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін