Жарияланды: 370

Жамбыл облысының медицина қызметкерлері жалақыға қосымша ақы алу үшін жалған сертификаттарды пайдаланған - прокуратура

Жамбыл облысында 500 медицина қызметкері жалған құжат пайдаланды деген күдік бар, деп хабарлады сәрсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық прокуратураның бірінші басқармасының бастығы Бекзат Сейілханов.

Оның айтуынша, қазір прокуратураның қолында Тараз перинатальды орталықтың 4 фельдшер-лаборантына қатысты дәлелдер бар, олар жалақыға қосымша ақы алу үшін жоғары санаттың берілгендігі туралы жалған сертификаттарды пайдаланған. Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қалған күдік туғызған сертификаттарды облыстың қаржы полициясы тексереді, деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін