Жамбыл облысының Меркі ауданында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған бес шетел азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысының Меркі ауданында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған бес шетел азаматы ұсталды

Жамбыл облысының Меркі ауданында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған бес шетел азаматы ұсталды

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Жамбыл облысының Меркі аудандық прокуратурасы жүргізген тексеру барысында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған бес шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР Бас прокутарурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Шiлде 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меркі ауылына келіп жергілікті тұрғынның үйін салып жүрген бір Қырғызстан азаматы мен төрт Өзбекстан азаматы ұсталды.
Олардың көші-қон қағазында Қазақстан Республикасына «қонаққа» келді деп көрсетілген. Алайда, олар жұмыс істеп, пайда тапқан. Олардың үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 394-бабы 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды.

«Меркі аудандық сотының қаулыларымен шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысын бір күннен қамауға алу және ҚР аумағынан қудалай шаралары қолданылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті