Жарияланды: 650

Жамбыл облысының орман қорғау оперативті қызметі 130 бұзушылық тіркеді

Жамбыл облысының табиғи ресурстарды қорғау басқармасының жанында қызмет ететін орманды қорғау жөніндегі оперативті қызмет үстіміздегі жылдың басынан бері 130 бұзушылық тіркеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Осы жылдың жеті айында 130 хаттама толтырылды, оның 80-і ағаштарды заңсыз кесу, 37-сі – аңдарға аңшылық жасау және 13-і – балық аулау», - деп мәлім етті табиғат қорғау ведомствосының бастығы Сәкен Арубаев. Оның айтуынша, сирек аңдарды аулаумен айналысқан браконьерлер жауапқа тартылды. Ол Жуалы ауданында Қызыл кітапқа енгізілген арқарды атып алған азамат ұсталғанын мысалға келтірді. «Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, браконьер шартты түрде екі жылға сотталды», - деді С. Арубаев. Оның айтуынша, орманды қорғау қызметінің арсеналында үш бес орындық «УАЗ» көлігі, сегіз бейнекамера, дүрбілер, табельдік қарулары бар. Ормандарды өрттен қорғауға 237 орманшы, 42 орман шебері және 30 уақытша өрт сөндіруші күзетші тартылып отыр. Жамбылоблысының орман қоры 4,43 млн гектарды алып жатыр, оның ішінде 2,2 млн. га жерді орман басқан. Облыста қоршаған ортаны сақтаумен, қорғаумен және орман мен жануар әлемін қалпына келтірумен 14 мемлекеттік орман шаруашылық мекемесі айналысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін