Бұрын сотты болған 34 жастағы ер кісіні «Дельта-Долина» арнайы бөлімше қызметкерлері сейсенбі күніқұрықтаған. Ол Тасөткел ауылы маңынан 1017 кг есірткі құрамдас сораны орып алған, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Есірткі дайындаушы құрықтау кезінде тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, ізін жасырмақ болғанымен бұл әрекетінен түк шықпады», — дейді баспасөз қызметіндегілер.