Министрлік ақпаратына сәйкес қазір 28 елді мекен және 163 қыстаумен көлік қатынасы үзілген. Құйық және Қордай асулары ашық тұр, қозғалысты реттеу үшін көлік тұрақтары ашылған, жолды бойлай қарға қамалғандар жоқ.
Облыста республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды қардан тазарту және жол үстіне құм себу, азық-түлік және жем-шөп жеткізу, дәрігерлік көмек көрсету және науқастарды дәрігерлік мекемелерге жеткізу, үйлер мен әкімшілік ғимараттардың ауласын қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.
Қардың залал-зардабын жою жұмыстарына 1080 адам мен 527 техника , соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 435 адамы мен 96 техникасы жұмылдырылған.