Жамбылда әйел тұрғындарды 45 миллион теңгеге алдап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылда әйел тұрғындарды 45 миллион теңгеге алдап кетті

Жамбылда әйел тұрғындарды 45 миллион теңгеге алдап кетті

Таразда әйел тұрғындарды 45 млн. теңгеге алдап кетті.

  • 15 Қараша 2021
  • 274
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз қаласы полиция бөліміне облыс орталығының тұрғындары арызданды. Олардың айтуынша, 2021 жылдың сәуір-тамыз аралығында бейтаныс әйел сенімге кіріп, ломбардқа алтын бұйымдарын уақытша өткізгені үшін ақшалай сыйақы беремін деп алдаған. Анықталғандай, әйел жалпы құны 45 миллион теңгеден астам тұратын алтын бұйымдарды иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамаққа алынды.


Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағымен (Алаяқтық ) жүргізілуде.

Мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға көрсетілген.

 

Соңғы жаңалықтар