Жамбылда бүлдіршінді зорлаған педофил өмір бойы түрмеде отырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылда бүлдіршінді зорлаған педофил өмір бойы түрмеде отырады

Жамбылда бүлдіршінді зорлаған педофил өмір бойы түрмеде отырады

Жамбылда үш жарым жасар баланы зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты. 55 жастағы Меркі ауданының тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазасын ол ерекше тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс.

  • 8 Қазан 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz

Жантүршігерлік оқиға Ақермен ауылында болған. Ата сақалы ауызына түскен азғын бүлдіршінді зорлап, кейін өлі денесін үйіндегі тоңазытқышта сақтапты. Ал күйеуінің айуандығын әйелі жасырып, тіпті түк білмегенсіп жоғалған бүлдіршінді іздеуге көмектескендей болған. Енді жұбайы да осы қылмысы үшін 5 жылға сотталды. Ал кішкентай баланың өмірін қиған қаскөй екі бірдей баппен айыпталып, өмір бақи бостандық көрмейтін болды.  

Айгүл Мәлікова, судья:

-Менің өмір бойына бас бостандығын айыру жазасын тағайындау себебім. ҚР конституциясының 27 бабында, өздеріңізге белгілі бала мемлекеттің қорғауында болады делінген. Яғни бұл сотталған азамат, адамның тек құқына ғана қол сұғып қоймай, оған зорлық зомбылық көрсетіп, әлемді мойындатқан конвенцияға қарсы шығып отыр. 

Соңғы жаңалықтар