Жамбылдық бір әйел өзімен жерлес қыздарды жыныстық қанаушылық мақсатымен шетелдерге шығарды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-15 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдық бір әйел өзімен жерлес қыздарды жыныстық қанаушылық мақсатымен шетелдерге шығарды деген күдікпен ұсталды

Жамбылдық бір әйел өзімен жерлес қыздарды жыныстық қанаушылық мақсатымен шетелдерге шығарды деген күдікпен ұсталды

Алматыда Жамбыл облысы Мерке ауданының 23 жастағы бір тұрғын әйелі ұсталды. Ол өзімен жерлес бес қызды жыныстық қанаушылық мақсатымен шетелдерге шығарды деген күдік бар. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жамбыл облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен бүгін, 14-маусымда хабарлады.

  • 14 Маусым 2004
  • 692
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, күдікті 2002-жылдың желтоқсан айында Бішкектегі «Вичи» туристік фирмасының директорымен сыбайласып, Мерке ауылының тұрғындары болып табылатын 19-20 жас аралығындағы бес қызды алдау жолымен Қазақстан аумағынан шығарып әкеткендігі анықталып отыр. Қыздарды Бішкекке жеткізіп, жасанды құжаттармен қамтамасыз ету арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне өткізіп жіберген. Аталмыш елде қыздар жыныстық қанаушылыққа, зорлық-зомбылық пен қорлауға ұшыраған. Олардың үшеуі соңғы бірнеше ай бойы құжаттарының жоқтығы және елге келу тәртібін бұзуға байланысты қамауда отырған. Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі дипломатиялық өкілдігінің араласуымен қыздар Қазақстанға депортацияланды.

Қазір күдікті Тараздағы уақытша тергеу қапасында отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық Істер Кодексінің «ұйымдасқан қылмыстық топтың адамдарды жыныстық қанау мақсатымен шетелдерге алаяқтық жолмен шығаруға бағытталған әрекеті» жөніндегі 128-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қырғызстан бас прокуратурасына көршілес республика аумағында оперативті-тергеу шараларын жүзеге асыру жөнінде хат жолданды.