Жамбылдық полицейлер «Көкнәр» операциясы кезінде 1,5 келіден астам марихуананы тәркіледі
Жамбылдық полицейлер «Көкнәр» операциясы кезінде заңсыз айналымнан бір жарым келіден астам марихуананы тәркіледі, |
деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметі.
«Өңір аумағына есірткіні заңсыз алып кіруді анықтау мен жолын кесуге бағытталған «Арна» ЖААШ шегінде жамбылдық полицейлермен Көкшетау қаласының тұрғынына әрқайсысы 9 мың теңгеден 2 келіге жуық гашиш сатқаны үшін есірткі сатушы ұсталды», - деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД ЕБҚКБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жеңіс Бегманов.
Жедел ақпарат бойынша Құлан ауылының орталығында сән салондарының бірінің 43 жастағы шаштаразы есірткі сатқан. Күдікті 1 келі 990 грамм марихуананы сату барысында заттай айғақпен ұсталды. Есірткімен күресушілер одан басқа, есірткі сатушының қалтасынан ақша мен сатуға дайындап қойған «удың» 4 дозасын тапты»,- деп түсіндіреді ол.
Ірі көлемде есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Жамбыл облысына есірткі түсетін арналарды анықтауға бағытталған, қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Ж.Бегмановтың сөзіне қарағанда, жыл басынан есірткіні заңсыз сақтаумен, дайындаумен байланысты 115 қылмыс деректері анықталған. Соның ішінде 51-і - сату және 8-і -контрабанда. «Көкнәр» операциясы кезеңінде заңсыз айналымнан бір жарым тонна қарасора алынған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін