Жамбылдық полицейлер «Көкнәр» операциясы кезінде 1,5 келіден астам марихуананы тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдық полицейлер «Көкнәр» операциясы кезінде 1,5 келіден астам марихуананы тәркіледі

Жамбылдық полицейлер «Көкнәр» операциясы кезінде 1,5 келіден астам марихуананы тәркіледі

Жамбылдық полицейлер «Көкнәр» операциясы кезінде заңсыз айналымнан бір жарым келіден астам марихуананы тәркіледі,

  • 13 Маусым 2011
  • 332
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады аймақтық ІІД баспасөз қызметі.

«Өңір аумағына есірткіні заңсыз алып кіруді анықтау мен жолын кесуге бағытталған «Арна» ЖААШ шегінде жамбылдық полицейлермен Көкшетау қаласының тұрғынына әрқайсысы 9 мың теңгеден 2 келіге жуық гашиш сатқаны үшін есірткі сатушы ұсталды», — деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД ЕБҚКБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жеңіс Бегманов.

Жедел ақпарат бойынша Құлан ауылының орталығында сән салондарының бірінің 43 жастағы шаштаразы есірткі сатқан. Күдікті 1 келі 990 грамм марихуананы сату барысында заттай айғақпен ұсталды. Есірткімен күресушілер одан басқа, есірткі сатушының қалтасынан ақша мен сатуға дайындап қойған «удың» 4 дозасын тапты»,- деп түсіндіреді ол.

Ірі көлемде есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Жамбыл облысына есірткі түсетін арналарды анықтауға бағытталған, қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Ж.Бегмановтың сөзіне қарағанда, жыл басынан есірткіні заңсыз сақтаумен, дайындаумен байланысты 115 қылмыс деректері анықталған. Соның ішінде 51-і — сату және 8-і -контрабанда. «Көкнәр» операциясы кезеңінде заңсыз айналымнан бір жарым тонна қарасора алынған.

Соңғы жаңалықтар