Жамбылдық полицейлер жалған анықтамаларды берген екі ветеринарды ұстады
Жамбылдық полицейлер жылқыларды тасымалдауға байланысты жалған анықтамаларды берген екі ветеринарды қолға түсірді, |
деп хабарлайды Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Найзағай» мақсатты жедел-іздеу шараларын өткізу аясында Жамбыл облыстық ІІД ҰҚКБ-ның қызметкерлері облыстық ІІД ЖПБ іздеу бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп жалған анықтамаларды берумен айналысқан екі мал дәрігерін ұстады, делінген құқық қорғау ведомствосының хабарламасында.
Күдіктілер Тараздағы «Бурыл» мал базарында жалған анықтаманы толтырған соң төрт мың теңге көлеміндегі ақшаны алу кезінде құрықталды.
Айғақ дәлелдер ретінде олардан ақша және жалған анықтама алынды.
Ұсталған азаматтар 63 және 49 жаста, бұрын сотталмаған, деп нақтылайды Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін