Жамбылдық полицейлер жылдың басынан бері 4,3 тоннаға жуық есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбылдық полицейлер жылдың басынан бері 4,3 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

Жамбылдық полицейлер жылдың басынан бері 4,3 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

Жамбылдық полицейлер жылдың басынан бері заңсыз айналымнан 4,3 тоннаға жуық есірткі тәркіледі, 135 есірткі қылмысының жолын кесті, оның ішінде 57 оқиға - есірткі сатумен, 8 факті - есірткі контрабандасымен байланысты.

  • 8 Шiлде 2011
  • 323
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Департаменттің Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының басшысы Шопырхан Жапабаевтың айтуынша, жамбылдық полицейлер жақында есірткі сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің белсенді мүшесін құрықтады.

«Лақап аты «Белый» деген тараздық 50 жастағы азамат 2003 жылы бопсалау және есірткі қылмыстары үшін сотталған болатын. Тәртіп сақшылары бұл жолы оның көлігін тексеру кезінде жүргізуші орындығының астынан 2 грамдай героин, ал шалбарының қалтасынан белгі салынған ақша тапты», — дейді Ш.Жапабаев. Сондай-ақ кейіннен оның үйін тінту кезінде 570 мл. героин және «ТТ» маркалы тапанша табылған.

«Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау, бірнеше рет және аса ірі көлемде сату фактілері үшін «Белыйды» 25 жыл түрме күтіп тұр», — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар