Әлем чемпионатына жасөспірімдер, ересектер, ардагерлер, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі споршыларды қоса алғанда, екі мыңға жуық білекті спортшы қатысты.
ҚР ұлттық құрамасына Жамбыл облысынан 12 спортшы қосылғанымен, қаржы тапшылығына байланысты бәйгеге тек тоғыз адам барған.
Мамандардың бағалауынша, Қазақстанның ұлттық құрамасы сайысқа қатысқан әлемнің 60 елі арасынан жоғары жетістікке қол жеткізе алды. Командалық есеп бойынша Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасынан үшінші орынға, ересек командалар арасынан төртінші орынға ие болды.