Жан Ахмадиев депутат болғысы келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жан Ахмадиев депутат болғысы келетінін айтты

Жан Ахмадиев депутат болғысы келетінін айтты

Рэпер Жан Ахмадиев қазақстандық телеарнаға берген сұхбатында жезөкшелерді қамшымен сабаған видеосына қатысты түсініктерме берді. Ол болашақта депутат болу жоспары бар екенін айтты.

  • 5 Сәуiр 2018
  • 76
Фото - Caravan.kz


Жан Ахмадиев соңғы кезде ғаламторда көп талқыланған видеоға байланысты Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасында пікір білдірді. Және түнгі көбелектерді қамшымен сабағанына еш өкінбейтін сыңай танытты.

«Келесі жолы жезөкшелер көшеге шығудан қорқатын болады. Себебі олар қамшымен сабап кетпейді ме екен деп әр клиентінен қорқатын болады», – дейді Жан Ахмадиев.

Болашаққа жоспарларымен бөліскен ол өзін депутат ретінде көретінін айтып қалды.

«Соңғы кезде осындай ұсыныстар көбейіп кетті. Депутат болсам, біраз нәрсе өзгертер едім. Қазіргі таңда ондай адамдар (ред. еск. – депутаттар) мұндай қызметке белгілі бір мақсатты, өзінің жеке басының қамын көздеп барады.  Мен қарапайым халықтың ортасында жүргеннен кейін халықпен бірге болғың келеді. Әттең-ай дейсің, қолда кішкене билік болса, өзгерістер жасар едім. Біріншіден қазақтың дәрежесін көтерер едім. Қазақ стоянкада жұмыс істейді, қазақ – күзетші, қазақ кім – қазақ кондуктор. Сонда қазақ басқа жұмыс жасай алмай ма? Мақсатым – қазақтың сөзін сөйлеу, қазақтың жыртысын жырту», – дейді заманауи жырау.

Соңғы жаңалықтар