Жан басына шаққандағы шетелдік инвестициялар көлемімен Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасынан алдыңғы орында келеді - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жан басына шаққандағы шетелдік инвестициялар көлемімен Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасынан алдыңғы орында келеді - ҚР үкімет басшысы

Жан басына шаққандағы шетелдік инвестициялар көлемімен Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасынан алдыңғы орында келеді - ҚР үкімет басшысы

Жан басына шаққандағы шетелдік инвестициялар көлемімен Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасынан алдыңғы орында келеді. Бұл туралы бүгін, 21-мамырда Азия және Мұхиттар аймағындағы қаржылық даму институттары Қауымдастығының (ADFIAP) жыл сайынғы 27-кездесуінде сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Мамыр 2004
  • 512
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының атап көрсетуінше, «тәуелсіздік жылдарында тиімді жұмыс істейтін банк, сақтандыру және зейнетақы жүйесі құрылды, Ұлттық қор мен Қазақстан даму банкі дүниеге келді». Үкімет Қазақстан даму банкін «инвестициялық іс-қызметтің тиімділігін арттырушы негізгі институттардың бірі деп есептейді».

Д.Ахметовтың айтуынша, «Қазақстан басшылығы отандық бизнесті әлемдік экономикаға тез арада кірігуге бағдарлап отыр». Соған байланысты үкімет «республика экономикасының өндірістік және қаржылық секторының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін пәрменді қадамдар жасауда».
Үкімет басшысы осы орайда «Қазақстан экономикасын экспорттаушы сипатқа көшіру үшін 2015-жылға дейінгі Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы қабылданып жүзеге асырыла бастағанын» еске салды. Үкімет Қазақстан даму банкімен бірге 2003-жылы құрылған Инвестициялық қор мен Ұлттық инновациялық қорды, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорацияны, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы тәрізді даму институттарын стратегияны жүзеге асырудың маңызды құралына балайды. Үкімет басшысының айтуынша, бұл құрылымдар «экономиканың бәсекелестік қабілетінің қозғаушы күшіне айналып, отандық және шетелдік бизнесті әріптестік принципі негізінде Қазақстандағы инвестициялық процесстерге тартуы тиіс».
Қазіргі таңда Қазақстанда «мемлекетаралық жобаларды инвестициялық қаржыландыру мүмкіндіктерінің схемасын айқындаудың өзектілігі артты»,- деді Д.Ахметов. «Бұл жобалар Қазақстандағы өндіріс саласымен технологиялық байланысты, экспортқа шығарылатындай бәсекелестік қабілеті бар өнім өндіруі» тиіс.
Үкімет басшысы Алматыда өтіп жатқан кездесудің маңызын жоғары бағалады. «Азия және Мұхиттар аймағындағы қаржылық даму институттары Қауымдастығы секілді халықаралық қаржылық ұйымдармен ықпалдасу, оған мүше елдердің бай тәжірибесін әжетке жарату негізінде Қазақстан мемлекетіміздің алдында тұрған кезек күттірмес мақсаттарды, атап айтсақ, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мақсаттарын шешуге түрткі болудан үмітті» деді ол.