«Осыдан екі жыл бұрын мен үлкен жобаны қолға алып, телесериал түсіре бастадым. Оны түсіру үшін таулары мен өзендері, далалары мен құмдары бар әсем елдің эпизодтары қажет. Қазақстан осы мақсатқа әбден лайық»,- деді Ж.Ван Дамм.
«Әлдебір уақытта жерде табиғи элементтерден құралған адам жасалады. Артынан оның егізі пайда болып, әлгінің соңынан түсе бастайды. Олар бір-бірін табу үшін түрлі жағрафиялық белдіктерді аралай келіп, жердің кіндігі- Қазақстанда жолығады»,- деді Ван Дамм өз кинотундысының идеясын ортаға салып.
Ж.Ван Дамм Қазақстанда бір жылдың ішінде сериалдың алғашқы 28 сериясын түсіруді межелеп отыр.