«Жан Шуақ» қоғамдық сыйақысымен марапаттаудың V салтанатты рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жан Шуақ» қоғамдық сыйақысымен марапаттаудың V салтанатты рәсімі өтті

«Жан Шуақ» қоғамдық сыйақысымен марапаттаудың V салтанатты рәсімі өтті

Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында мүмкіндіктері шектеулі адамдарды «Жан Шуақ» қоғамдық сыйақысымен марапаттаудың V салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара Дүниежүзілік Мүгедектер күні қарсаңында «Шексіз мүмкіндіктер» жыл сайынғы республикалық акциясының аясында өтіп отыр.

  • 27 Қараша 2012
  • 392
Фото - Caravan.kz

Бұл шараны «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ұйымдастырушылық, идеологиялық және ақпараттық қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ ұйымдастырып отыр.

Сыйақы мәдениет, спорт, білім саласында қол жеткізген көрнекті жетістіктері үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ мүгедек адамдардың азаматтық қоғамда ықпалдасу үдерісіне елеулі үлес қосқан меценаттар мен іскер әріптестерге беріледі. Сондай-ақ дарынды тұлғаларды іздеу мен рух күшін көрсетудің тамаша алаңы болып табылады.

Қоғамдық сыйақы номинанттары І, ІІ, ІІІ топ мүгедектігі бар жеке тұлғалар мен ұжымдар бола алады. Іріктеудің басты өлшемі — дарын және өз қабілетін көрсетуге ниеттену.

Сыйақыға номинантарды іріктеу бойынша орасан зор жұмыс жүргізілді, оған барлық 16 аймақтық және 225 аумақтық партия филиалдары қатысты.

«Жан Шуақ» қоғамдық сыйақысын «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі тағайындаған.