Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылдың наурызында Қазақстандағы жаңа автокөліктердің саудасы 23,4% өсті, деп хабарлады «Қазақстанның Автокөлік Одағы».
Одақ берген мәлімет бойынша наурызда 19 629 жеңіл автокөлік және коммерциялық техника сатылды, бұл былтырғы ұсқас кезеңмен салыстырғанда 23,4% жоғары көрсеткіш. Жалпы бірінші тоқсанда 46 843 жаңа автомобиль өтті, ал былтыр 39 439 көлік иесін тапқан (+18,8%) болатын.
«2024 жыл Қазақстандағы жаңа автомобиль саудасы тарихындағы рекордтық кезең болды. Биыл бізді соған жақын жоғары нәтиже де күтетін сияқты. Мамырда 20 000 көлік сатылуы — былтырғыдан әлдеқайда жақсы көрсеткіш. Жалпы сауда қарқыны артып келеді», — дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.
1.Hyundai (4 472 дана; былтырғы наурызбен салыстырғанда +32,8%),
2.Chevrolet (2 738 дана; +99,3%),
3.Kia (2 120 дана; +17,1%),
4.Jetour (1 362 дана; +74,4%),
5.Chery (1 350 дана; +2,7%),
6.Haval (1 288 дана; +14,6%),
7.Jac (1 071 дана; +54,3%),
8.Geely (1 021 дана; +45,6%),
9.Toyota (862 дана; -21,2%),
10.Changan (703 дана; -42,1%).
Наурыз айында ең танымал болған топ-10 модель арасында Chevrolet Cobalt (2 236 дана) бірінші тұр. Содан кейін тізімде Hyundai Tucson (1 692), Kia Sportage (1 090), Hyundai Mufasa (955), Haval M6 (607 ), Chery Tiggo 2 (532 ), Hyundai Elantra (529 ), Hyundai Santa Fe (524 ), Geely Emgrand (493 ) және Jac S3 (461) бар.