Жаңа казахи» - НТК телеарнасымен қазақ тілін үйрен! - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа казахи» - НТК телеарнасымен қазақ тілін үйрен!

Жаңа казахи» - НТК телеарнасымен қазақ тілін үйрен!

Биыл күзде «НТК» телеарнасы көрерменге ерекше премьера – «Жаңа қазахи» ойын-сауықтық танымдық шоуын ұсынады.

  • 15 Қыркүйек
  • 4527
Фото - Caravan.kz

Жеңіл және әзіл-оспақ түріндегі жоба қазақ тілі мен мәдениетін насихаттап, оқу үрдісін танымал адамдармен қызықты етеді. Шоу идеясы қысқа бейнежазбалар ретінде әлеуметтік желілерде пайда болып, енді міне толыққанды теледидар форматына айналып отыр. Отандық телевидениеде мұндай жоба бұрын-соңды болмаған.

«Жаңа қазахи» – жұлдыз қонақтар жүргізушілер тобымен бірге қазақ тілін үйреніп, өз қателеріне күліп, жасы, кәсібі, ұлтына қарамастан кез келген адам қазақша сөйлей алатынын дәлелдейтін жоба. Шоудың жүргізушілері харизмалы және танымал тұлғалар, олардың әрқайсысы өз деңгейінде тілді меңгерген.

Нұрдәулет Шертім — бағдарламаның бас жүргізушісі және «тіл ұстазы». Ал актерлер мен блогерлер Марселин Камате, Татьяна Турлай, Сергей Закора, Евгений Шворневның достық әзілдері мен тіл үйренуге деген құлшынысы шоудың негізгі сюжеттік желісі болады.

Бағдарламаның әрбір бөлімі қазақ тағамдары мен әзіл-қалжыңынан бастап, дәстүрлер мен күнделікті тіркестерге дейін түрлі жеке тақырыпқа арналады. Кино, музыка және спорт жұлдыздарынан тұратын қонақтар қазақ тілін үйренудегі тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, көңілді сайыстарға, тілдік ойындарға және шығармашылық тапсырмаларға белсене қатысады.

«Жаңа қазахи» жай ғана шоу емес, бұл шынайы атмосфера. Жобаның жүргізушісі Татьяна Турлай: «Жаңа тіл үйренуге талпынған кез келген адам бұл жолда психологиялық кедергі, акцент, сөздік қорының жетіспеушілігі сынды талай тосқауылға тап болатынын біледі. Мұндай сәттерде қолдау ерекше маңызды және бұл жобада біз соны ұсынамыз. Яғни, «Зың» —достық және мотивация, жеңілдік атмосферасын ұсынамыз.  Жобада әрқайсысының тілді меңгеру деңгейі әртүрлі әрі бір-бірімізге үйренуіміз үшін көп уақыт қажет болды. Бірақ біз бірте-бірте бір-бірімізді түсінуге, қолдау көрсетуге және көмектесуге үйрендік.

Көрермендер 25 серияның ішінде жүргізушілердің қазақ тілін меңгеру деңгейінің жақсара түсуіне куә болады. Ал ақтық сайыста ең алғыры символикалық сыйлық – «Алтын сөздік» алтын сөздігін алады. «Жаңа Қазахи» – адамдарды біріктіре отырып тіл үйренудің көңілді, қызықты әрі бәріне қолжетімді екенін дәлелдейтін мәдени диалог.

Шоу премьерасы 2025 жылдың күзінде НТК телеарнасында болады.

Перейти к новостям спорта