Жаңа Конституцияның мәтіні жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.58
  • 584.77
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа Конституцияның мәтіні жарияланды

Жаңа Конституцияның мәтіні жарияланды

15 наурызда референдум өтеді

  • 12 Ақпан
  • 5
Фото: gov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның жаңа Конституциясының соңғы мәтіні Aikyn газетінде жарияланды.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда республикалық референдум өтетіні туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Бюллетеньде бір ғана сұрақ болады: «2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?».

Жаңа Ата заң қабылданған жағдайда парламент өз өкілеттігін 1 шілдеден бастап тоқтатады.

«Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс», — делінген құжатта.

Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде президент Құрылтайдың келісімімен вице-президентті тағайындайды.