Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылы желтоқсанда Қазақстанның ірі қалаларында жаңа салынған тұрғын үйдің шаршы метрі 500 мың теңгеге жетті. Бір жылда 3%-ке қымбаттады. Баға әсіресе күзде өскен. Мұндай тұжырымды Ұлттық статистика бюросы жасады.
Өткен жылдың желтоқсан айында Астанада жаңа баспананың бір шаршы метрі 595,5 мың теңге болды. Алматыда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің құны сәл арзан, 582,5 мың теңге. Шымкентте жаңа баспананың бір шаршы метрі – 444,1 мың теңге. Ал ең арзан қалалар – Ақтөбе (шаршы метріне 286,1 мың теңге), Орал (287,8 мың теңге) және Көкшетау (319,9 мың теңге).
Ал жаңа үйлерді салуға кеткен шығын шаршы метріне 198,6 мың теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіш. Әсіресе Ұлытауда баспана салуға ақша басқа облыстарға қарағанда көп жұмсалды, 354,3 мың теңге.
Пайдалануға берілген тұрғын үй қорының жалпы ауданы өткен жылы 9,4%-ке, 18,6 млн шаршы метрге дейін өсті. Егер өткен жылы пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың ауданын 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырсақ, өсім 41,7% болды.