Жаңа су кодексі бойынша елімізде 15 су қоймасы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа су кодексі бойынша елімізде 15 су қоймасы салынады

Жаңа су кодексі бойынша елімізде 15 су қоймасы салынады

Су тасқынының алдын алу және олардан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

  • 18 Шiлде
  • 12
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Құжат Парламент Мәжілісіне енгізілді және су тасқыны мен құрғақшылық сияқты төтенше құбылыстарды болжауды, жоспарлауды және оларға ден қоюды қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы су пайдалану үшін маңызды құрал болады. 

Кодексте: 

  • суды пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалауды күшейту 
  • бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту 
  • жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу қарастырылады. 

Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы:   

  • жаңа 20 су қоймасын салу 
  • 15 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық каналдарды реконструкциялау 
  • еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тапшылығын азайту үшін гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту 
  • су тасқынының алдын алу және олардан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу 
  • кадрлық әлеуетті арттыру және инфрақұрылымды дамытуды көздейді.