Жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды

Жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды

Полиция адам саудасы бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

  • 1 Желтоқсан
  • 3
ФОТО: СС0 / Josef Pichler

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әуежайында суррогат аналардан туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды

11 қараша күні Алматы халықаралық әуежайында екі отбасы суррогат аналардан туған жаңа туған сәбилерді алып, Қазақстаннан кетіп бара жатқан кезде ұсталған. Олардың қолында балалардың құжаты болғанымен, шекарадан өтуге рұқсат берілмеді.

«Аталған дерек бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмаған балаларды саудалау) бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп жазылған хабарламада.

Тергеу аясында істің барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған ҚР ҚПК-нің 24-бабының талаптары сақталады.

ҚР ҚПК 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салу) сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Перейти к новостям спорта