"Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалауға мәжбүрлеп тарту - заңды өрескел бұзу": Аймағамбетов Семейде шырша құрамын деп құлаған ұстазға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалауға мәжбүрлеп тарту - заңды өрескел бұзу": Аймағамбетов Семейде шырша құрамын деп құлаған ұстазға қатысты пікір білдірді

"Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалауға мәжбүрлеп тарту - заңды өрескел бұзу": Аймағамбетов Семейде шырша құрамын деп құлаған ұстазға қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Семейде шырша құрамын деп құлаған мектеп ұстазына қатысты пікір білдірді.

  • 23 Желтоқсан
  • 4
Асхат Аймағамбетов/Instagram

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны орнатуға тартып, соның салдарынан бір мұғаліміміздің ауыр жарақат алғаны алаңдатты. Мұндай жағдайды жай ғана “жаңсақтық” деп қарастыруға болмайды.

«Педагог мәртебесі туралы» заңның 6-бабында нақты көрсетілген: мұғалімдерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартуға қатаң тыйым салынады.

Жаңа жылдық шырша орнату, көше тазалау, басқа да науқандарға мәжбүрлеп тарту сияқты ескі “дәстүрлерден” біржола бас тартуымыз керек. Бұл – заңды өрескел бұзу.

Осы оқиға бойынша нақты шаралар қажет:
1. Облыс басшылығы бұл жағдайды мұқият тергеп, жауапты тұлғаларды жазалауы тиіс.
2. Мұғалімдерге тікелей міндетіне жатпайтын жұмыстарға тартуды тоқтату үшін министрлік бақылауды күшейтуі қажет.
3. Білім басқармалары мен мектеп әкімшіліктері мұғалімдердің құқықтарын қатаң сақтау бойынша міндеттерін орындауы тиіс.

Мемлекет басшысы әрдайым мұғалімдердің мәртебесін қорғау мен олардың құқықтарын сақтау мәселесін ерекше назарда ұстап келеді. Біздің міндетіміз – сол талаптарды орындап, заңның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Жарақат алған әріптесімізге тезірек сауығып кетуін тілеймін. Министрліктің бұл мәселені бақылауға алғаны – үміт береді», — деп жазды Мәжіліс депутаты.