Жәбірленушінің анасы видеоны көріп, полицияға арызданған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық сотының іс материалдарына сәйкес, 11 жастағы оқушы қыз сыныптасының үйіне келіп, кіре беріске шығуын өтінген. «Неге маған жала жауып жабасың?» деп ол ұрып-соғып, не болып жатқанын видеоға түсіріп алды.
Зардап шеккен қыздың анасы видеоны көріп, полицияға арызданған.
Бұл іс Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сот видео авторының ата-анасына айыппұл салды.
«Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасаған кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін құқық бұзушының ата-анасына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды”, – деп хабарлады сот.
Апелляциялық шағым берудің соңғы мерзімі – 3 желтоқсан.