Жаңаөзенде су тұщыту зауыты іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде су тұщыту зауыты іске қосылды

Жаңаөзенде су тұщыту зауыты іске қосылды

Маңғыстау - ауыз су мәселесі ең өзекті болып отырған еліміздегі басты өңір. Су болмаса өмірдің берекесі қашып, азық-түлік, ауыл шаруашылықта ештеңе өңбей, болашақ болмайды.

  • 24 Маусым
  • 8
Фото: Айбар Олжаевтың парақшасынан алынған

Бұл туралы қаржы сарапшысы Айбар Олжаев өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Халық Қоры 2023 жылы Жаңаөзен қаласында тәтті құмай өсірудің мүмкіндіктерін сынау мақсатында шағын су тұщыту зауытын эксперимент ретінде ашып көрген болатын. Ол сәтті болғандықтан, артынан әкімдік жергілікті халықтың ауыз су мәселесін шешу үшін Қордан көмек сұраған. «Халық» қоры бірден 300 миллион теңге бөліп, Сайын Шапағатов ауылында су тұщыту зауытын салып берді.

19 маусымда 25 мың тұрғынды ауыз сумен қамти алатын тұщыту қондырғысын Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ашып, «Халық» қорына алғысын білдірді.

Су тұшыту зауыты кері осмос принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл кеңінен тараған технология. Жартылай өткізгіш мембраналар ластаушы заттарды бөгеп, су молекулаларының еркін өтуіне мүмкіндік береді. Су 98-99% еріген қатты заттардан, микроорганизмдерден және химиялық қосылыстардан арылады. Таза, ауыз су болып шығады.

«Бұл зауыт Саин Шапағатов ауылын ғана емес, 15 мың халқы бар көрші Ақшұқыр ауылын да тұщы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Екі ауылдың 25 000 тұрғыны үшін қондырғы тәулігіне 6 500 текше метр тұщы су өндіреді», — дейді «Халық» Қорының Басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Қорлардың белгілі бір отбасыға ғана атаулы көмегі емес, осындай бір өңірдің әлеуметтік, инфрақұрылымдық мәселесін шешуі халыққа әлдеқайда тиімді. Мысалы, «Халық» қоры нақты өз фокусын нақты Маңғыстау өңіріне бағыттайды. Соның арқасында кешенді, системалық өзгерістер орын алады.

Қор 2023 жылдан бастап Маңғыстау облысына 4 миллиард теңге бөлді.

Қолдау құрылымына көз жүгіртсек, Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта бастауға – 1,8 миллиард теңге, Ақшұқыр ауылы мен Саин Шапағатов ауылының 25000 тұрғынына су тұщытатын зауыт салуға – 300 миллион теңге, Жаңаөзендегі 50-ден астам балалар алаңын салуға — 402,5 миллион теңге және ауданы 4 гектар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға 1 миллиард теңге, Бейнеу ауылындағы үш мектепті материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыруға 500 миллион теңге бөлді.

Осының ішінен астық терминалы мен су тұщыту зауыты халықтың азық-түлігін қамтамасыз етеді. Ал балалар алаңы, мектеп, сауықтыру кешені білім беруді жақсартып, денені шынықтырады, яғни болашаққа жұмыс істейді. Кешенді жұмыс деген осы.