Жаңаөзендегі кен орнында су құбыры жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзендегі кен орнында су құбыры жарылды

Жаңаөзендегі кен орнында су құбыры жарылды

«Өзенмұнайгаз» АҚ № 4 мұнай-газ өндіру басқармасының аумағында 1020/10 диаметрлі техникалық теңіз суының құбыры жарылды.

  • 15 Сәуiр
  • 29
Фото: «Өзенмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Осыған қатысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті талдамалы-зерттеу бөлімінің қызметкерлері жедел анықтау жұмыстарын жүргізуді бастағанын мәлімдеді.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның № 4 МГӨБ аумағындағы МДжӨҚКБ қарасты 1020/10 диаметрлі техникалық теңіз суының құбырының жарылды. Департамент мамандары 14 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Жаңаөзен қаласына тексеру жұмыстарын жүргізу үшін аттанды. Келтірілген залалды анықтау үшін орын алған жердің ластануын қадағалау үшін зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары оқиға орын алған жердегі топырақтан сынама алды», — деді облыстық экология департаментінің мамандары.

Аталған оқиғаға қатысты «Өзенмұнайгаз» АҚ құбырдың жарылуына қатысты кінәлі тарап анықталғанын жеткізді.

Құбыр жарылды
Фото: «Өзенмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

«Қазіргі уақытта құбыр ақауын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарылған құбыр бойынан тот араласқан қара су ағып, кейін таза суға ұласты. Құбыр желісінен шыққан қара судың құрамында экология мен адам денсаулығына зиян келтіретін элементтердің жоқ екенін ескертеміз», — деді компанияның баспасөз қызметі.