Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бағдарламаның жалғасы бола ма деп сұрақ қойған оқырманына, журналист «жоқ» деп жауап берді.
«Мен бұл гештальтты жаптым деп ойлаймын. Мен сияқты бір тақырыппен ұзақ жыл айналысқан журналист Қазақстанда жоқ шығар. Өзімнің барлық сұрақтарыма жауап алдым. Халықтың да», — деп жауап берді журналист.
«Шетелдегі қазақ балалары» жобасы ең алғаш 2009 жылы эфирге шыққан болатын. Кейін бағдарлама ұзақ үзілісте болып, 2022 жылы «Jibek Joly» арнасында қайта эфирге жол тартқан еді.
